1 сыныпқа құжаттарды қабылдау туралы ақпарат » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау туралы ақпарат
02
апрель
2022

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау туралы ақпарат

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлап отыр. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
«Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі». Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар деген болмайды. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралуы тиісті.
Енді http://e.astana.kz/ сайтымен қалай жұмыс істеу керектігін тәптіштеп түсіндіреміз.
Сайтқа кіріңіз. Ары қарай негізгі парақшадағы "Бірінші сыныпқа алуға құжаттарды қабылдау" қызметін таңдаңыз.
Пайда болған терезеде "ЭЦҚ бойынша" кіру түрін, кілтті сақтау орнын таңдаңыз да, ары қарай "Сертификатты таңдау" батырмасын басыңыз.
ЭЦҚ кілтті (AUTH_RSA) таңдап, құпиясөзді енгізіп, "ОК" батырмасын басыңыз. (Ол кілтті Халыққа қызмет көрсету орталығанан аласыз) Жүйеге бірінші рет кірген кезде электрондық поштаны көрсету қажет.
Авторизациядан өткеннен кейін "Өтінімді беру" тарауына басыңыз.
Одан кейін қызметтің сипаттамасы мен толық нұсқаулық келтірілген парақша жүктеледі. Өтінішті берудің алдында нұсқаулықпен танысуды растау және "Өтінімді беру" батырмасын басу керек.
Ашылған нысанда ЖТ ДМБ-дан өтініш беруші туралы деректер автоматты түрде толтырылады. Бірінші электрондық поштаны, телефон нөмірді толтырып, баланың ЖСН көрсетіп, келесі әрекетке өту үшін "Алға қарай" батырмасын басыңыз.
Есте сақтаңыз! Өтінішті берген кезде байланысқа қажетті деректерді (ұялы телефонның нөмірі, электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон нөміріне хабарлама жіберіледі.
Келесі әрекетке мектепке қабылдауға қажетті деректерді толтыру жатады. Осы кезде қабылдау сыныбын, оқыту тілін, мектепті ( қалаған мектепті) таңдау қажет.



Тізімде бос орын бар мектеп қана көрсетіледі. Жүйе мектепті ықшам аудан бойынша тіркелген мекен-жайға сәйкес автоматты түрде береді. Егер ықшам аудан бойынша мектеп көрсетілмесе, оны анықтау және өтінішті беру үшін білім беру ұйымына жүгіну қажет. Егер тіркелген мекенжай бойынша жер телімі 2ГИС технология арқылы анықталмаса, осындай қиыншылық пайда болуы ықтимал.
Ары қарай "+" белгісін басу арқылы құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу қажет. Барлық құжаттардың тек қана оқуға келетін қанық көшірмелерін жүктеңіз. Әйтпесе дұрыс емес (оқуға келмейтін) құжаттарды жүктеген жағдайда, сізге қызмет көрсетілмеуі мүмкін.
Соңғы қадамға "Жіберу" батырмасын басып, ЭЦҚ-ның (RSA) көмегімен жіберу үшін қол қою қажет.
Сәтті тіркеген кезде өтінішті тіркеу туралы хабарлама келетін терезе ашылады. Ол терезені жабу үшін "ОК" батырмасын басыңыз.
Өтініштер журналын қарап шығу үшін негізгі парақшадағы "Өтініш туралы ақпаратты" басу қажет.
Ары қарай ашу үшін өтініш жолағын басасыз.
Құжаттарды қарап шығу үшін "Жалпы құжаттар" қойындысына өтіп, "Құжатты қарап шығу" немесе "Жүктеу" батырмасының керегін басу керек.
Назар аударыңыз!
Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш берушіде өтінімді қайтадан беру мүмкіндігі бар;
Егер қабылдауға өтінім берілсе және мұндай өтінім қарастыру кезеңінде болса, өтінімді қайтадан беру мүмкіндігі болмайды;
Мектепке алынғаны туралы жауап алған жағдайда, 5 қыркүйекке дейін құжаттар түпнұсқасын мектепке тапсыру қажет.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив