Мұғалімдер » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебімізде тағы бір  сабақты зерттеу (LS) тобы құрылды
14
ноябрь
2022
Мектебімізде тағы бір сабақты зерттеу (LS) тобы құрылды
Мектебімізде тағы бір сабақты зерттеу (LS) тобы құрылып, зерттеу сабағының (LS) 1 циклының 1 сабағы 2022 жылғы 10 қараша күні 9 "Ә" сыныбында география пәні бойынша “Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар” тақырыбында өткізілді. Сабақты тәжірибелі мұғалім М.Сыпатаева өткізді.
“Пәндерді оқытудың өзекті мәселелері” тақырыбында семинар-кеңес
11
ноябрь
2022
“Пәндерді оқытудың өзекті мәселелері” тақырыбында семинар-кеңес
Мектебімізде 11 қараша күні оқыту пәндері бойынша "Педагогтердің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту” біліктілігін арттыру курсын өтіп келген мұғалімдердің ұйымдастыруымен мектепішілік “Пәндерді оқытудың өзекті мәселелері” тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес барысында оқыту пәндері бойынша нормативтік- құқықтық құжаттар, оқу бағдарламасының оқу мақсаттарын және ҚМЖ-ды талдау жұмыстары жүргізілді. Семинар соңында қатысушы мұғалімдер семинардың тақырыбының өзектілігіне оң
"Педагогикалық әдеп"
11
октябрь
2022
"Педагогикалық әдеп"
Мектебімізде 2022 жылғы 7 қазан күні жас мамандардың қатысуымен бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбарасы 3.Сарыбаева мен педагогикалық әдептің төрағасы А.Несипбаева жас мамандарға мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті, педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Ұстазын ұлықтаған ел азбайды"-Ата-аналар лебізі
30
сентябрь
2022
"Ұстазын ұлықтаған ел азбайды"-Ата-аналар лебізі
"Ұстазын ұлықтаған ел азбайды" дегендей, мектебіміздің ұстаздарына ата-аналар да өз алғыстарын айтып, кәсіби мерекемен құттықтады. Жылы лебіздеріңізге рақмет! Ата-ана, мектеп, оқушы ынтымақтастығы арта берсін!
"5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні"
06
сентябрь
2022
"5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні"
Мектебімізде "5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесіне орай ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.Даулетбаеваның ұйымдастыруымен "Who is the best? тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сайысқа 6 "А", 6 “Ә”, 6 “Б” сыныптары қатысты. Оқушылар өз білімдері мен қабілеттерін көрсетіп, сайыс сабақ қызықты, әрі тартысты болды.
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні”
06
сентябрь
2022
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні”
Мектебімізде "5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні” мерекесіне орай орыс тілі пәні мұғалімі М. Қойшыбаеваның Ұйымдастыруымен 3 сыныптар арасында "Знайкин словарик" интеллектуалды сайысы өтті. Сайыста оқушылар 2 топқа (Знайки, Умники)бөлініп, 6 тур бойынша сайысқа түсті. Сайыс қызықты, әрі тартысты өтті. Сайыс соңында "Знайки" тобы 28 ұпаймен жеңіске жетті.
"5 кыркуйек-Қазақстан халқы тілдері күні"
06
сентябрь
2022
"5 кыркуйек-Қазақстан халқы тілдері күні"
"5 кыркуйек-Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесіне орай мектебімізде көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г.Калабаеваның ұйымдастыруымен "Тілім менің-тірегім!" тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың салған суреттері оқушылар шығармашылығы тақтасына ілінді.
"5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесі
06
сентябрь
2022
"5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесі
Мектебімізде "5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесіне орай қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ғ.Қ.Камалованың Ұйымдастыруымен "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты сайыс өтті. Сайысқа 5 "Ә" және 5 "Б" сыныптары қатысты. Оқушылар сайысқа белсене қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсете білді. Сайыс барысында 5 "Б" сынып оқушысы Орақбай Нұрғиса "Отырар" поэмасын мәнерлеп жатқа оқып, көпшілік көңілінен шықты.