Жаңартылған білім беру мазмұнын еңгізе отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаңартылған білім беру мазмұнын еңгізе отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
17
апрель
2017

Жаңартылған білім беру мазмұнын еңгізе отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Зулфия Кочкарова
Бастауыш сынып мұғалімі
жоғарғы санатты
Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп
Қарасай ауданы




Жаңартылған білім беру мазмұнын еңгізе отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отыр. Бұл оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны күнделікті сабақтарда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлатуға болады.
Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Функционалдық сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі тапсырма етіп жүктеген болатын. Бұл Ұлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту болып отыр.
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзыреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзыреттілігін дамыту – ұстаздың құзыретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Америка ғалымдары Чарлз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бұл жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге деген қызығушылығы артып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге үйренеді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта, ұжымда талдай біледі.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.Оқытудың тиімді әдістерін меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.
Еліміздің барлық оқу мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті қазір барлық мектептерде оқытудың инновациялық технологиялары қолданыла бастады. Инновациялық (озық) білім беру дегеніміз - тұлғаның бағдарлы қөзқарасы, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады. Сол себепті біздің мектеп мұғалімдерінің басым бөлігі де инновациялық жүйе негізінде өз біліктіліктерін арттырып отыр. Мұғалімдер оқушыларының функционалды сауаттылығын арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.
Өз тәжірибемде оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген әдіс-тәсілдеріммен бөліспекпін. Мысал ретінде 4- сынып ана тілі сабағымда оқушыларды жаңа тақырыпқа байланысты үй құстарының суреттерінің қиындысын құрастыру арқылы топқа бөлдім. Бұл әдістің мақсаты оқушыларды шығармашылықпен шапшандыққа баулиды. Сабақтарда оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып тақырыпқа байланысты түрліше топқа бөліп отыруға болады. Мысалы математика сабақтарында геометриялық пішіндер арқылы, сандармен, туған күндерінің сандарымен және қазақ тілі пәнінен сөз таптарының түрлерімен, сюжетті сурет қиындысымен, смайликтермен, түсті қағаз қиындыларымен, дүниетану сабақтарында есе жанурлардың, өсімдіктердің түрлерімен, жыл мезгілдерімен,
тірі және өлі табиғат денелерімен топқа бөлінуге болады.
Ана тілі сабағында үй тапсырмасын тексеру кезеңінде "Кейіпкерге хат”әдісін қолдандым. Бұл әдісте өтілген тақырып кейіпкеріне оқушы өз ойларын ашып хат жазады. Оқушы әңгіме кейіпкерінің орнына өзін қойып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігіне шешім қабылдайды. Мен оқушылардың пікірлерін бір ой арнасына жетелей отырып, «Қарама-қайшы пікірлер бекеті» әдісін пайдаланып, проблемалық сұрақ қойдым, яғны «Бақытжанның бұрыс жолға түсуіне кім себепші?»-деп топ арасында пікірталас ұйымдастырдым. Қазақ тілі сабағында «Кубизм» әдісін, Венн диограммасын, математика сабақтарында «Сәйкестендір» , «Жылдам ойлап айт», «Кім тапқыр?» сияқты әдістерді қолдануға болады.




Жаңа сабаққа дайындық кезеңінде "Ойыңды дәлелдеп көр” әдісін кіріктіріп, жаңа тақырып әтеш туралы болғандықтан үй құстарының дауысы жазылған бейнежазбаны тыңдаттым. Бұл жерде мен «үлгермейтін оқушы» сабақтарда ауыз ашпайтын Айшолпанға «Түрткі болу, сұрақ қою, қайта бағыттау арқылы» үй құстарының дауысынан ажыратып түрін сұрадым. Ол маған түрлерін атап берді. Оны қайта бағыттау мақсатында сұрақты күрделендіре түстім. Үй құстарының адамға пайдасы бар ма, болса атап айт, деп сөйлеу қабілетін дамуына, топ арасында қысылмай жауап бере білуге үйреттім. Сабақтың сол кезеңінде дүниетану сабағында «Автор орындығы», «Әлемге саяхат» әдістерін қолдануға болады.
Топқа бөлу кезінде оқушылар құрастырған сурет қиындыларын постер қағазға суретті бүтіндеп құрастырып жапсыруды сұрадым. Құрастырып болған сөң:
«Құрастырылған үй құсы туралы қандай мәлімет білесіңдер?»-деп оқушылардан алдын ала дайындап келген мәліметтерді сұрадым. Оқушылар тақтаға шығып топтарымен өз ойларын бөлісті. Маған мысалы «Қаз» тобының жауабынан қаздың майы таптырмас ем екендігі және оны күйік шалған адамның терісіне жақса тез жазылып кететіндігі туралы айтылған пікірлер өте ұнады. Әрбір сабақта оқушылар өзін-өзі, жұбын және топтарды сын көзбен қарай отырып, әділ бағалай алуға үйретуіміз керек. Сол мақсатта мен оқушыларға топты бағалау кезінде мынадай бағалау критерийлерін құрып бағалауға болатынын ұсындым.
1.Мәліметтің толық жиналуы.
2.Мазмұнды мәнерлі жеткізе алуы.
3.Мәліметті өмірмен байланыстыра алуы.
«3»балл
«2»балл
«1»балл
Оқушылар бұл тапсырманы орындап болған соң жаңа сабаққа көпір ретінде неге сендер үй құстарының түрлерімен топқа бөліндіңіздер және олар туралы қосымша мәліметтер жинадыңдар?-деп болжау жасатамын. Содан соң
Джесси-Джентильдің «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісін қолданып: кітаппен жұмыс жүргіземін.
Әңгімені топтарға бөліп беру.
Бөлікті топ ішінде талқылау.
Кезектесіп мазмұндау.
Боліктерге ат қою.
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс.
Қиқым – бұл жерде: киімнен кесіп алынған кішкентай қиынды.
Бұл әдістің мақсаты оқушылар жаңа тақырып мазмұнын өз беттерімен оқып,талқылайды. Әңгіме мазмұнынан оқушылар Әскербектің бойында аяушылық, мейірімділік қасиеттердің барына көздерін жеткізіп, сол қасиеттерді өз бойларына сіңіру керектігін ұғынады.
Енді оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Аяқталмаған тезис» әдісін қолдандым.
1-топ: Сыныпта Әскербектің мінезіне ұқсас оқушы бар, ол.....
2-топ: Әскербектің бойында адами қасиеттер бар, ол.........
3-топ: Әскербектің өрнында мен болсам........
4-топ: Әскербектің әкесі ойынан айныды, өйткені, ол......
Бұл тапсырманы орындап болған соң оқушылардың тартіп бұзуға бейім оқушыларға "Кейіпкерлерді салыстыр” әдісін қолданып:
Өтілген тақырып кейіпкері Бақытжаннан үлгі алуымызға бола ма?
Ал, Әскербектен ше?
Екі кейіпкердің мінез-құлқын салыстыра отырып, ойың дәлелдетемін.
Сабақтың қорытындылау кезеңінде яғни жинақтауда «Түйін кесте» әдісі бойынша ойларын кестеге түсіру.

Тақырып «Әскербектің әтеші»
Авторы Роза Абылқадырова
Мәтіннің түрі Әңгімелеу
Сөйлеудің түрі Мазмұндау
Кейіпкерлер Әскербек,
Мәтіннің негізгі идеясы «Кішкентай жүрегіңнің дарқан мейірімінен» қыбырлаған жан-жануарға да қамқорлық жасау керек, мейірімді болу керек.
Қорытынды Әскербектің бойындағы адами қасиеттерді өз бойымызға сіңіруіміз керек.

Сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі бағалауы және топтың қорытынды бағасын шығару үшін бағалау парағын пайдаландым. Оқушы сабақтың әр бір тапсырмасын орындағанда өзіне әділ бағасын қойып, өз деңгейін біліп отыруы керек. Топта отырған оқушылардың жинаған ұпайынан топтың ұпайы келіп шығады. Сыныпта бір сабақ барысында үлгермейтін оқушылармен жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс та бір уақытта жүріп отырады. Нәтижесінде: Оқушылардың функционалдық сауаттылы артады.

Өзық тәжірибелерді педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі бастауыш сыныптарда ерекше, атап айтсақ:
- ойын технологияларын қолдану
- дискуссия сабақтары
- интеграциялық сабақ
- топпен жұмыс
- панорама сабағы
- рольдік ойындар
- Сыни ойлауға үйрету
- «Ойлаудың алты қалпақ» әдісі
зық тәжірибені қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары:
- Лекция – семинар сабақтары
- Проблемалық оқыту әдісі
- «Миға шабуыл» әдісі
- Джесси-Джентильдің «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі
- Әңгіме әдісі
- Қашықтықтан оқыту технологиясы
- Дөңгелек үстел
- Дебат сабақтары
- Саяхат сабақтарын ұйымдастыруға болады.
Оқыту әдістері оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту әдістері – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.
Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық педтехнологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, білімінің нәтижесін алдындағы оқушысынан көре алады. Міне бір сабақ мұғалімнен қаншама ізденісті қажет етеді. Біз мұғалімдер тек қана ашық сабақтарымыз үшін ізденіп қоймай күнделікті сабақтарымызды түрлендіріп, қызықты етіп ұйымдастырсақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға қол жеткіземіз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы.
2. Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар.
3. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А., 2006ж. \
4.Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері // Қазақстан мектебі. – 2003. - №8. - 20 б.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив