Судың маңызы » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2017

Судың маңызы

Тақырыбы Судың маңызы

Мақсаты Оқушылар тұрмыстағы және өмірдегі судың маңызын таниды
Міндеті 1. Судың тұрмыста және өмірде пайдаланылуын әңгімелейді.
2. Су көздеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиеленеді.
3. Оқушыларды ізденгіштікке және зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйренеді.
Оқыту әдісі түсіндіру,сұрақ-жауап,зерттеу,ой бөлісу,т.б.

Көрнекілігі семантикалық карта, мазмұнды суреттер.
Техникалық құрал проектор
І. Ұйымдастыру кезеңі
1 мин

Сыныпты топтарға бөлу
Су, жаңбыр, бу, мұз суреттері арқылы топқа бөлу.

1 мин




Психологиялық дайындық
Күн!
Мен сеннен жылу аламын,
Жүрегіме саламын.
Досыма сыйлаймын,
Жақсы өтсін сабағым.

2. Өткенді қайталай 4 мин Өткенді қайталай отырып топтарын қорғайды.
Су-вода-water (вотэ)
Мұз-лед-ice (стим)
Бу-пар-steam ( стим)
Жаңбыр-дождь-rain (рэйн)

- Барлығымыз терезеге қарайық.
- Бүгін ауа райы қандай?
- Жауын - шашын бар ма?
- Ауа температурасы қандай?

3.Үй жұмысын тексеру. 4мин Су –еріткіш.
1. Семантикалық карта.(жеке-жеке толтырады, слайдтан тексереді, бірнеше оқушы зерттеу жұмысын жүргізеді, өмірмен байланыстырып қорытады).

Су - еріткіш Еритін Ерімейтін
Тұз
Қант
Саз
Құм

І. Қызығушылығын ояту
1 мин Сабақты бейнежазба көрсетуден бастаймын.
Осы бейнежазбадан қандай қорытынды шығаруға болады?
- Сусыз тіршілік жоқ.
-Сусыз өмір сүре алмаймыз. т.с.с.
Слайдтан сабақ тақырыбы шығады.(хормен
оқиды)
4. Мақсатын түсіндіру 1 мин С у д ы ң м а ң ы з ы.
Балалар,бүгінгі сабақта су туралы алған
білімімізді толықтырамыз.
ІІ. Мағынаны тану
5. Жаңа сабақ
4 мин «Сулы жер – нулы жер» дейді. Ну дегеніміз қалың тоғай. Бұл мәтелдің мағынасын қалай түсінесіңдер? / /
- Тіршілікке қажетті бес нәрсені атайық.
Тіршілікке қажетті
Қажеттілік
1.Су
2.тамақ
3.жарық
4.ауа
5. жылу
Тіршілікке қажетті бес нәрсенің бірі су екенін білеміз. Су бар жерде тіршілік бар.
Суреттерге қарап судың пайдасы туралы әңгімелейік
-Ал адамдар оны не үшін пайдаланады?
- Ал жан-жануарларға су керек пе?
! Су өрмекшісі өзінің үйшігін су астында тұрғызады.
! Құндыздың ұясы үйілген шөп-шаламға ұқсас. Кіректін есігі су астында болады.
! Су бүркіті ұясын балыққы бай өзен жағасына салады.
ІІІ. Ой толғаныс
6.Бекіту
10 мин Суретпен жұмыс. «Суреттер сөйлейді» әдісі.

Әр топқа 2 суретттен



Жер бетінің 3/2 пайызын су алып жатыр. Оны мұхиттар, теңіз, өзен, көл, мұздық, жер асты сулары құрайды. Мұхит, теңіздің сулары өте ащы болады. Сондықтан адам арнаулы қондырғылармен тұщыландырып пайдаланады. Бірақ бұл сулар лайланып, не мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Неге?
Оқулықпен жұмыс 47-бет оқушыларға тізбектей оқытамын. «Тоқтап оқу » әдісі
Сергіту сәті
1 мин
- Балалар cендер жазда көлге барып шомылдыңдар ма? Ендеше қазір бір сәт көлге саяхат жасайық.
- Толқын болып қозғаламыз,
- шағала болып ұшамыз,
- жүзіп жүрміз қандай керемет, су қандай тамаша!
- Көзімізді ашып, салқын сумен бетімізді жуамыз.
7. Қорытындылау
15 мин Бейнебаян көрсету

1- топ. «Сұхбат алу» әдісі .Екі оқушыға диалог құрату. Сұрақ –жауап
1.Өзен-көл жағасындағы ағашты кесуге болмайды, неге?
2. суды қалай қорғауымыз керек?
3.Шомылуға барғанда қандай қауіпсіздікті сақтау керек?
• су жағасына ағаш отырғызу
• көгалдандыру
• қоқыстан тазалау
• зауыт, фабрикаларға қондырғылар орнату.
2- топ. «Есепте, ойлан » әдісі
Егер сен тісіңді тазартып жатқанда құбырды жауып тұрсаң, 4 литр су үнемдейсің. Егер күніне 2 рет тазартатын болсаң неше литр су үнемдейсің? 5 адам 1 күнде неше литр су үнемдейді?
3-топ. «Аяқталмаған сөйлем » әдісі.
Мақал-мәтелдер айту
Су анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.
Су бар жерде ырыс бар:
ұстап балық жейсің,
ақ бидай егіп, нанын жейсің.
Су басынан бұзылады.
Су басынан тынады,
Балық басынан шіриді.
Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің жауабы бар.
Су болмай балық аулауга болмас,
Жүз жыртпай дау даулауға болмас.
Суға кеткен тал қармайды.
Судағы балыққа қуанба, өлі сенікі емес.
Судың да сұрауы бар.
4-топ . « Шағын тест» әдісі
1. Судың қасиетін белгіле:
а) сұр б) ақ ә) мөлдір
2. Судың табиғатта неше күйде кездеседі?
а) 2 ә) 3 б) 4
3. Судың пішіні қандай?
а) дөңгелек б) төртбұрышты ә) пішіні жоқ
4. Суда еритін заттар:
а) тас б) қант ә) құм
5. Суда ерімейтін заттар:
а) тұз б) қант ә) құм
6. Судың қатты күйі қалай аталады?
а) су ә) бу б) мұз

8.Бағалау 1 мин Жиынтық бағалау және формативті бағалау тәсілдері арқылы оқушылар білімі бағаланады

Кері байланыс 1 мин -Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң желкенді жасыл түске боя.
- Егер сен сабақты белгі бір қиындықты кездестірген болсаң , желкенді сары түске боя.
-Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.
Үйге тапсырма 1 мин «Судың да сұрауы бар» атты эссе жазып келу

Теги:
indira
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив