Іс-шаралар » Страница 7 » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Ауған от - жалыны"
18
февраль
2022
“Ауған от - жалыны"
Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толуына орай мектебімізде “Ауған от - жалыны" тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Сагиев Ислам, Ұзақбаев Дүйсен, Жәмшитов Қуаныш, Алламжаров Абай, Татиев Амантай қатысты. 
" Алтын жүрек"
14
февраль
2022
" Алтын жүрек"
Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі Мектеп парламенті мүшелерінің " Алтын жүрек" атты челленджін қабыл алыңыздар! View this post on Instagram A post shared by Жұбаныш Бәрібаев (@j.baribaevortamektep)
“Мен сенің өміріңнің жалғасымын…”
09
февраль
2022
“Мен сенің өміріңнің жалғасымын…”
Биылғы “Балалар жылы “ аясында және “Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік барысында “Мен сенің өміріңнің жалғасымын…”тақырыбында ата-ана, оқушы, мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, отбасы тәрбиесі мен оқушылар шығармашылығын насихаттау мақсатында тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді.
"Әбіш оқулары" жыр мүшәйрасы
09
февраль
2022
"Әбіш оқулары" жыр мүшәйрасы
Ақпан айында аудандық "Әбіш оқулары" жыр мүшәйрасына мектебімізден 10 "Ә" сынып оқушысы Юсупова Шахнозабану қатысып, 2-орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қараева
Есіңе мені алғайсың
09
февраль
2022
Есіңе мені алғайсың
Мектебімізде 5-10 сыныптар арасында М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай "Есіңе мені алғайсың!" атты жыр байқауы болып өтті. Байқау үш кезеңнен тұрды 1-кезең.Ақын жырларын мәнерлеп жатқа оқу. 2-кезең. Мұқағалиға арнау( жас ақындар сайысы) 3-кезең. Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау. Өнерлерімен ерекшеленген оқушылар мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.
"Менің сүйікті кітабым"
08
февраль
2022
"Менің сүйікті кітабым"
Мектебімізде 3-4 сыныптар арасында "Менің сүйікті кітабым" атты кітап оқу сайысы болып өтті. Мақсаты: оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысып, өздерінің оқыған әңгіме, ертегілерінің мазмұнын айтып, соған сәйкес сұрақтарға жауап берді.  
Мектебімізде азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығуларды өткізудің 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігін қалыптастыру үшін және жер дүмпулері кезінде дұрыс іс-әрекетті қалыптастыру м
01
февраль
2022
Мектебімізде азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығуларды өткізудің
Мектебімізде азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығуларды өткізудің 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігін қалыптастыру үшін және жер дүмпулері кезінде дұрыс іс-әрекетті қалыптастыру мақсатында сейсмикалық жаттығу өткізілді. Сейсмикалық жаттығу барысында сынып оқушыларына мектеп ғимаратының әр қабатынан сыртқа алып шығу жоспары таныстырылып, жер сілкінісі жағдайындағы сақтық шаралары жайлы жадынамалар таратылды.  
Ы.Алтынсариннің 180 жыл толуына орай "Өнер -білім бар жұрттар"
01
февраль
2022
Ы.Алтынсариннің 180 жыл толуына орай "Өнер -білім бар жұрттар"
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының жоспары бойынша Ы.Алтынсариннің 180 жыл толуына орай "Өнер -білім бар жұрттар" тақырыбында 6-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс кіріспесінде кітапханашы Э.М.Оразова қатысушыларды Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды.
«Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны»
01
февраль
2022
«Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны»
7-8 сыныптар арасында «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталас өткізілді. Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру. Пікірталасқа қатысқан оқушылар: 8 сыныптар - К.Агадиева,А.Абу, Ф.Рзакулова, А.Сағындықова , М.Өтеғали; 7 сыныптар- Ұ.Полат, Р.Байсеитов, А.Асан, Қ.Орынбаева Оқушылар өз ой-пікірлерін нақты шынайы жеткізді.  
«Ұшқыр ой алаңы» сайысы
28
январь
2022
«Ұшқыр ой алаңы» сайысы
Қарасай ауданының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылар арасында А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде аймақтық «Ұшқыр ой алаңы» сайысы болып өтті. Пікір талас жоғарғы деңгейде өткізіліді.