13
май
2019
"Отбасы сағаты" акциясы аясындағы шаралар
Қарасай ауданы, Көлащы ауылындағы "Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатындағы «Отбасы сағаты» республикалық акциясына орай «Отбасы құндылықтары-ұрпақ тәрбиесінің негізі» тақырыбында ата-аналармен конференция өткізілді.Конференция барысында мектеп директоры «Мектеп пен отбасы бірлігі-ұрпақ тәрбиесінің тірегі» , тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі» тақырыбында баяндама, педагог-ұйымдастырушы «Балалардың ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет?» тақырыбында слайд және бейнеролик, педагог-психолог «Ата-аналардың сенімділік білдіруі,қолдау көрсетуі» тақырыбында психологиялық тренингтер жүргізіп, ата-аналарға тақырыптық жадынамалар таратылды.