Ақпарат » Страница 2 » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
13 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына байланысты “Ауғанның отты жалыны” атты тарихи кеш өткізілді.
13
февраль
2024
13 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен
13 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына байланысты “Ауғанның отты жалыны” атты тарихи кеш өткізілді. Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашу және тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу.  
8 ақпан күні “Отбасы мен мектеп бірлігі - болашақ ұрпақ тірлігі” тақырыбында мектебімізде өтіп жатқан ата-аналар апталығы аясында, бастауыш сынып аналары үшін “Бақытыңды балаңнан ізде” атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: ата-ана мен бала арасында
09
февраль
2024
8 ақпан күні “Отбасы мен мектеп бірлігі - болашақ ұрпақ тірлігі”
8 ақпан күні “Отбасы мен мектеп бірлігі - болашақ ұрпақ тірлігі” тақырыбында мектебімізде өтіп жатқан ата-аналар апталығы аясында, бастауыш сынып аналары үшін “Бақытыңды балаңнан ізде” атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту. Аналармен қызықты сәлемдесу, психологиялық тренинг, шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы бейне үзінді көрсетілді. Аналар тапсырмалар орындау
Мектеп кітапхана жоспары бойынша 9 ақпан күні ақиық ақын - Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай кітапханашылар Э.Оразова мен С.Уаличаеваның ұйымдастыруымен көрме қойылып, ақиық ақынның өлеңдерін оқушылар мәнерлеп, жатқа айтты.
09
февраль
2024
Мектеп кітапхана жоспары бойынша 9 ақпан күні ақиық ақын - Мұқағали
Мектеп кітапхана жоспары бойынша 9 ақпан күні ақиық ақын - Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай кітапханашылар Э.Оразова мен С.Уаличаеваның ұйымдастыруымен көрме қойылып, ақиық ақынның өлеңдерін оқушылар мәнерлеп, жатқа айтты. Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Мақал-мәтел ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, мағынасы терең, құны қымбат қазына екенін насихаттау барысында мектеп кітапханашылары С.Уаличаева мен Э.Оразова мектеп ұжымы мен білім алушыларға арнап “Бір мақал - бір бауырсақ” айдарын ұйымдастырды.
08
февраль
2024
Мақал-мәтел ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, мағынасы терең, құны
Мақал-мәтел ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, мағынасы терең, құны қымбат қазына екенін насихаттау барысында мектеп кітапханашылары С.Уаличаева мен Э.Оразова мектеп ұжымы мен білім алушыларға арнап “Бір мақал - бір бауырсақ” айдарын ұйымдастырды.  
Кітапхана жоспарына сәйкес мектеп кітапханашылары Э.Оразова мен С.Уаличаева 7 сынып оқушылары арасында “Оқуға құштарлықты арттыру” атты дебат өткізді.
08
февраль
2024
Кітапхана жоспарына сәйкес мектеп кітапханашылары Э.Оразова мен
Кітапхана жоспарына сәйкес мектеп кітапханашылары Э.Оразова мен С.Уаличаева 7 сынып оқушылары арасында “Оқуға құштарлықты арттыру” атты дебат өткізді. Мақсаты: оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, оқу - білімге деген құштарлықтарын ояту. Дебатқа бақылаушы ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ғ.Камалова мен А.Ахметова қатысты.  
Қардың қалың жаууына байланысты, 8 ақпан күні мектебіміздің жоғары сынып оқушылары сабақтан тыс уақытта техникалық қызметкерлерге көмек қолын созып, мектеп ауласының қарын тазалады. #досболlike
08
февраль
2024
Қардың қалың жаууына байланысты, 8 ақпан күні мектебіміздің жоғары
Қардың қалың жаууына байланысты, 8 ақпан күні мектебіміздің жоғары сынып оқушылары сабақтан тыс уақытта техникалық қызметкерлерге көмек қолын созып, мектеп ауласының қарын тазалады. #досболlike 
8 ақпан күнгі “Директор сағатында” мектеп басшысы мен 9 сыныптың белсенді оқушылары мектеп өмірі туралы ашық әңгімелесті.
08
февраль
2024
8 ақпан күнгі “Директор сағатында” мектеп басшысы мен 9 сыныптың
8 ақпан күнгі “Директор сағатында” мектеп басшысы мен 9 сыныптың белсенді оқушылары мектеп өмірі туралы ашық әңгімелесті.
Мектебімізде 8 қаңтар күні «Отбасы мен мектеп бірлігі - болашақ ұрпақ тірлігі” атты ата-аналар апталығының жоспарына сәйкес 1-6 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді.
08
февраль
2024
Мектебімізде 8 қаңтар күні «Отбасы мен мектеп бірлігі - болашақ ұрпақ
Мектебімізде 8 қаңтар күні «Отбасы мен мектеп бірлігі - болашақ ұрпақ тірлігі” атты ата-аналар апталығының жоспарына сәйкес 1-6 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Мақсаты: Мәдениетті орта қалыптастыра отырып, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастық құндылықтарын дамыту. Байқауға жалпы 14 жұп қатысып, нәтижесінде өнер көрсеткен жұптар ерекшеліктеріне байланысты түрлі номинациялармен марапатталды.  
Мектебімізде 6 ақпан күні “Даналық” клубы жоспары бойынша “Аталар мектебі” іс-шарасы “Аталар сөзі- ақылдың көзі” тақырып аясында өткізілді.
07
февраль
2024
Мектебімізде 6 ақпан күні “Даналық” клубы жоспары бойынша “Аталар
Мектебімізде 6 ақпан күні “Даналық” клубы жоспары бойынша “Аталар мектебі” іс-шарасы “Аталар сөзі- ақылдың көзі” тақырып аясында өткізілді. Мақсаты: қазіргі заманда отбасылық тәрбиеде ата-бабаларымыздың өсиет-өнегесінің бала тәрбиесіндегі көкейкестілігін көрсету; -оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлесуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дамыту.
2024 жылғы 06 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдері А.Абдикадырова және Ж.Турабекова “Даналық клубы” жоспарына сәйкес “Әкелер мектебі” қатысушыларымен “Әке тірек, бала жүрек” тақырыбында тренинг өткізілді.
07
февраль
2024
2024 жылғы 06 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдері А.Абдикадырова
2024 жылғы 06 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдері А.Абдикадырова және Ж.Турабекова “Даналық клубы” жоспарына сәйкес “Әкелер мектебі” қатысушыларымен “Әке тірек, бала жүрек” тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: Отбасында балалар тәрбиесіндегі әкенің рөлін айқындау; Ата - ана, мұғалім, оқушы үштік одағының маңыздылығын нығайту.