Сандық сәуленің көмегімен қосу және азайту » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » Сандық сәуленің көмегімен қосу және азайту
29
май
2017

Сандық сәуленің көмегімен қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы Сандық сәуленің көмегімен қосу және азайту
Сабақтың мақсаты Қосу амалының ұғымын екі жиынның бірігуі және азайту амалын қосуға кері амал ретінде қалыптастыру; сандық сәуленің көмегімен қоса және азайта білуге үйрету.
Оқумақсаты:
қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді;
20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындайды;
"+”, "–”, "=” таңбаларын қолданады.
Барлық оқушылар:
Оқушылар
дың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Көрнекілік
тер
геометриялық фигуралар;
тақтаға ілінген цифрлармен жазылған 11-ден 20-ға дейінгі сандары бар сандық сәуле;
11-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;
Слайд; қосу кестесі;
А4 форматты көлемі 1/4 тең парақшалар;дәптерлер.

Әдіс-тәсілдер «Болжау» әдісі, «Піспеген модель» әдісі, «Жұптас, топтас, ақылдас» әдісі, «Мен мұғаліммін» әдісі
Тірек сөздер Сандық сәуленің көмегімен қосу және азайту
Сабақ түрі Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың жоспарлан
ған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
Психологиялық сәт:
Болам десең ғарышкер,
Болам десең инженер,
Болам десең дәрігер,
ең керегі-математика!
Математика өмірде
Бар білімнің патшасы.
Балалар, бүгін біздің сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға қош келдіңіздер деп айта отырып, біліміміз бен әдептілігімізді көрсете білейік. Топ ережесі әрқашан есімізде болсын!
-Қазір бізде қандай сабақ?
-Математика
Орыс және ағылшын тілдерінде 10–ға дейін санап жіберейікші. (Топтар санайды)
-Балалар бұлт астында тапсырмалар берілген.Осы тапсырмалар арқылы өткен сабақты еске түсіріп жіберсек.
10+10=20
20+20=40
30+30=60
40+40=80
Қосындының мәнін табады және ондықтар мен бірліктерге ажыратады.
Күн сәулесі бір нүктеден басталып, шеті жоқ, шегі жоқ сәулесін береді.
-Ал балалар, не үшін сәуле туралы айтып өттім. Кім не байқады?
(Балалар жауаптары тыңдалады)
Шаттық шеңбері
1-20 дейінгі сандар
Күн, бұлт суреттері
5 минут
Сергіту сәті
1 минут
6 минут
Сандық сәуле — нүктелері санмен белгіленіп көрсетілген сәуле. Сандық сәуленің көмегімен қосу — оңға қарай қозғалу болса, азайту — солға қарай қозғалу болып табылады.
«Піспеген модель»әдісі (оқушыға алғашқы ақпарат береміз, оқушы оны жетілдіреді )
1- тапсырма: 1-топТоппен жұмыс
Бағалау критерийлері
Сандық сәуленің көмегімен қосуды біледі.
Дескрипторлар:
-қосуды сандық сәуленің бойымен оңға алға қарай
санау ретінде ұғуды;
-ондықтармен санай алады.
2- тапсырма: 2-топ
Бағалау критерийлері
Сандық сәуленің көмегімен азайтуды біледі.
Дескрипторлар:
-азайту қосу амалына кері амал және сандық сәуленің бойымен солға қарай кері санау деп түсінуді;
- ондықтармен санай алады.
3- тапсырма: 3-топ
Амалдардың қалай орындалғанын түсіндір.

Бағалау критерийлері
Сандық сәуленің көмегімен қосуды біледі.
Дескрипторлар:
-қосуды екі жиынның бірігуі және сандық сәуленің бойымен оңға алға қарай санау ретінде ұғуды;
- амалдардың қалай орындалғанын түсінеді.
4-топ
Бағалау критерийлері
Сандық сәуленің көмегімен азайтуды біледі.
Дескрипторлар:
-азайту қосу амалына кері амал қосуды екі жиынның бірігуі және сандық сәуленің бойымен солға қарай кері санау деп түсінуді;
-азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді;
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Бір, екі, үш, төрт, бес.
Саусақтармен ойнаңдар.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын!
«Жұптас, топтас, ақылдас»әдісі
4-тапсырма. Шығарып көр
Топпен жұмыс
Фигура топтарының арасына қандай таңба қою керек?
1-топ
2-топ
(3-4 топтарға осы тапсырмаларға ұқсас қосымша тапсырмалар беріледі. Тапсырма топтарға таратылады)
Бағалау критерийлері
Фигура топтарының арасына қандай таңба қою керектігін табады.
Дескрипторлар:
-фигураларды ажырата алады.
- мысалға кері амал құрастыра отырып компоненттермен айта алады
Дәптермен жұмыс: Мысалдарды сандық сәуленің көмегімен шеш.(өздік жұмыс)
(Оқушылардың өздік жұмыстары бағаланады)
«Мен мұғаліммін» әдісі(Тапсырманы сыныптан бір оқушы түсіндіреді)
Оқушылар сабақтың соңында:
қосуды екі жиынның бірігуі және сандық сәуленің бойымен оңға алға қарай санау ретінде ұғуды;
азайту қосу амалына кері амал және сандық сәуленің бойымен солға қарай кері санау деп түсінуді;
"+” және "–” белгілерін қолданып, өрнектерді құрастыру мен жаза білуді;
20-ға дейінгі аралықта сандық сәулесін пайдаланып қосу мен азайтуды меңгереді.
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі "Жетістік
баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізу.
Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін кеме желкенін түстерін бояу арқылы көрсету.
Слайд
Суреттер
Сандық сәуле сызылған парақтар
Геометриялық фигурал
Смайлк
тер
Кеме суреттері
3 минут

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив