26
апрель
2017
Пайдалы қазбалар
Пәннің аты дүниетану Уақыты:17.01.2016 3 А Бекітемін
Сабақтың атауы Пайдалы қазбалардың түрлері.
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу, Алматыдағы геологиялық мұражайлар туралы мағлұмат беру;
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс тәртібі жазылған нұсқау, сабақтың ұраны, түрлі фигуралар (ұпай жинауға қажетті), «Ұяшық таңдау»ойыны (цифрлар), сызба – нүсқалар, түрлі суреттер және көмір, саз, құм, ас тұзы, мыс, алюминий, темір, әктас, Қ. И. Сәтбаевтың суреті, шартты белгілер, өлең шумағы «Бақытты ұлы Отан», Қазақстанның физикалық картасы
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
«Ұяшық таңдау» ойыны арқылы топтар берілген постерге тапсырманы
- Тамақ пісіру, домжылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеуі үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер?
- Үй жиҺаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады?
- Адамдардың домсалғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланылғанын көрдіңдер?
Бейне ролик көрсету
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық
Мақсатымыз: Пайдалы қазбалардың түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, олар туралы білім түсініктерімізді кеңейтеміз
«Ой қозғау»
- Көмір қандай зат? Оның қасиеті (жанады)
- Темір нелерден жасалады, қалай аталады? (металлдан)
- Ас тұзы не үшін қажет? Жерді тыңайту үшін қандай қазбаның түрін қолданамыз?
Оқушылардың ойларын тыңдай отырып, осы әрбір айтылған қазбаның түрлі топтарға бөлінетіндігін айту.
Мағынаны тану
Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру)
- Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелеу
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.
Жанғыш пайдалы қазбалар
Тас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды.
Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.
Кенді пайдалы қазбалар
Бұларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий сияқты металдар алынады. кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, домбаспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.
Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету.
Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз
Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде
Газ - Ақтау, Орал облыстарында
Алюминий – Арқалықта
Мыс кені – Жезқазғанда
Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде
Темір кені - Қостанай өңірінде
Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен
« Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар 493 кен орыны белгілі.
Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен»
Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру:
- Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар.
Тас көмір - Мұнай- Газ- Темір - Алтын -
Мыс - Тұз - Әктас - Саз - Алюминий - А
Дәптермен жұмыс:
Пайдалы қазбалардың атын жазу, шартты белгілердің суретін салу
Ойын «Сен –маған, мен-саған» сұрақ қою
Оқулықпен жұмыс
1. Іштей оқыту
2. Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелету
3. Сурет бойынша жұмыс
Оқулықтағы суреттер арқылы жұмыс жүргізу(суретті толықтыру арқылы қандай қазбадан жасалғанын айтқызу)
Сергіту сәті Жаттығу жасату Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Пайдалы қазбалардың қажеттілігі туралы өз ойларынан өлең шығару
Сабақты бекіту
Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді.
1. Пайдалы, пайдасыз, жарамсыз.
2. Бағалы, құнсыз, жанатын.
3. Жанғыш, кенді, кенге жатпайтын.
Кенге жатпайтын пайдалы қазба.
1. Мұнай, газ.
2. Алтын, күміс.
3. Құм және саз.
Үйге тапсырма Мәтінді оқу, мазмұндау. іздену. Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу. Шартты белгілерін жатқа жаза білуге дайындық жасау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Обратная связь «Блум ағашы» бағалау парағы
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады