Материалы за Сентябрь 2022 года » Страница 2 » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» Материалы за Сентябрь 2022 года » Страница 2
"Денсаулық фестивалі"
21
September
2022
"Денсаулық фестивалі"
Мектебімізде дүниежүзілік Денсаулық күніне орай 15.09-12.09 күні аралығында "Денсаулық фестивалі" ұйымдастырылды. Жоспарға сай жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, Д.Беркиновтың ұйымдастыруымен "Былғары доп шеберлері" атты футбол ойыны және Б.Сұлтанәлі мен Б.Мутаировтың ұйымдастыруымен "Таңғы жаттығулар”, “Сапқа тұру" атты іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шараларға бастауыш сынып оқушылары қатысты.
"Менің отбасым" тақырыбында шығармалар байқауы
16
September
2022
"Менің отбасым" тақырыбында шығармалар байқауы
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күні аталып өтілетінін хабарлайды. Осыған орай, 9 қыркүйек күні 5-6 сыныптар арасында "Менің отбасым" тақырыбында шығармалар байқауы өтті.
"Отбасы-бақыт мекені" тақырыбында бейнероликтер
15
September
2022
"Отбасы-бақыт мекені" тақырыбында бейнероликтер
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күні аталып өтілетінін хабарлайды. Осыған орай, "Отбасы-бақыт мекені" тақырыбында 9 және 10 сыныптар бейнероликтер дайындады.
"Ана көрген тон пішер" атты қолөнер  көрмесі
13
September
2022
"Ана көрген тон пішер" атты қолөнер көрмесі
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күні аталып өтілетінін хабарлайды. Осыған орай, мектебімізде көркем еңбек пәні мұғалімі А.Несипбаева "Ана көрген тон пішер" атты қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмеге 7 сынып оқушыларының дайындаған бұйымдары қойылды. Көрме көпшіліктің көңілінен шықты.
"Отбасы құндылықтары" тақырыбында тренинг сабақтар
12
September
2022
"Отбасы құндылықтары" тақырыбында тренинг сабақтар
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күні аталып өтілетінін хабарлайды. Осыған орай, 9 қыркуйек күні мектебімізде педагог-психологтар Б.Жаркеева және Ф.Бейсебаеваның ұйымдастыруымен, ата-аналардың қатысуымен "Отбасы құндылықтары" тақырыбында тренинг сабақтар өтті. Тренинг барысында отбасы құндылықтарына нақты тоқталып, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі туралы пікірлер айтылды.
Жолда жүру ережелері"
09
September
2022
Жолда жүру ережелері"
Мектебімізде 7 қыркүйек күні мектеп медбикесі Н.Нуркасынова "Жолда жүру ережелері" тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараға 1-4 сынып оқушылары қатысты. Мектеп медбикесі жолда жүру ережелерімен таныстырып, сақтық шараларын түсіндірді.
"Ахмет Байтұрсынұлы-зиялылар көсемі"
08
September
2022
"Ахмет Байтұрсынұлы-зиялылар көсемі"
Қазақтың біртуар тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай мектебімізде кітапханашы Э.Оразованың Ұйымдастыруымен "Ахмет Байтұрсынұлы-зиялылар көсемі" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Оқушылар көрме арқылы ақын өмірімен,шығармашылығымен және халық сауатын ашудағы еңбектерiмен танысты.
"Ахмет Байтұрсынұлы - дәуірдің дара тұлғасы" тақырыбында  жалпықазақстандық ашық диктант куні
07
September
2022
"Ахмет Байтұрсынұлы - дәуірдің дара тұлғасы" тақырыбында
7 қыркүйек күні мектебімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған "Ахмет Байтұрсынұлы - дәуірдің дара тұлғасы" тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Диктанттың мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Қазақстан Республикасының The presidentі Қасым-ЖоMarch Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы халыққа кезекті жолдауы
07
September
2022
Қазақстан Республикасының The presidentі Қасым-ЖоMarch Кемелұлы Тоқаевтың
Қазақстан Республикасының The presidentі Қасым-ЖоMarch Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйек күні халыққа кезекті жолдауын жолдады. "Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп" Education Department of Kerbulak districtнің педагогтар қауымы президент жолдауын қызу талқылап, жолдаудың мән-маңызы айрықша екенін түсінді.