Материалы за Сентябрь 2022 года » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» Материалы за Сентябрь 2022 года
"Ұстазын ұлықтаған ел азбайды"-Ата-аналар лебізі
30
September
2022
"Ұстазын ұлықтаған ел азбайды"-Ата-аналар лебізі
"Ұстазын ұлықтаған ел азбайды" дегендей, мектебіміздің ұстаздарына ата-аналар да өз алғыстарын айтып, кәсіби мерекемен құттықтады. Жылы лебіздеріңізге рақмет! Ата-ана, мектеп, оқушы ынтымақтастығы арта берсін!
Бітіріп кеткен мектеп түлектері ұстаздар күні мерекесімен мектеп ұжымын құттықтауы
30
September
2022
Бітіріп кеткен мектеп түлектері ұстаздар күні мерекесімен мектеп
Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебінің түлектері ұстаздар күні мерекесімен мектеп ұжымын құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде. Ұстаз бақыты дегенiмiз осы емес пе?! Мерекелеріңізбен ұстаздар!!!
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу
27
September
2022
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу
Мектебімізде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бағыты бойынша жұмыс жоспарына сәйкес сейсможаттығу жұмысы жүргізілді. Іс-шараға мектептегі барлық оқушылар, мұғалімдер қатысты. Сонымен қатар, мектеп медбикесі Н.Нуркасынова алғашқы медициналық көмек көрсету туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
11-сынып оқушыларының ұстаздарды құттықтауы
23
September
2022
11-сынып оқушыларының ұстаздарды құттықтауы
11-сынып оқушыларының видеороликпен ұстаздарын құттықтауы
Мектеп психологтары  5 сынып оқушыларымен "Түймедақ" және "Кактус" әдістемелері бойынша жұмыс жүргізді
23
September
2022
Мектеп психологтары 5 сынып оқушыларымен "Түймедақ" және "Кактус"
2022 жылғы 22 қыркүйек күні мектебімізде мектеп психологтары Б.Жаркеева мен Ф.Бейсебаева 5 сынып оқушыларымен "Түймедақ" және "Кактус" әдістемелері бойынша жұмыс жүргізіп, оқушылардың пәнге және орта буынға бейімделуін анықтады.
Мектеп психологтары  1 сыныптар арасында "Керн-Йерасек" тесті бойынша диагностикалау жұмысын өткізді
23
September
2022
Мектеп психологтары 1 сыныптар арасында "Керн-Йерасек" тесті бойынша
2022 жылғы 22 қыркүйек күні мектебімізде мектеп психологтары Б.Жаркеева мен Ф.Бейсебаеваның ұйымдастыруымен 1 сыныптар арасында "Керн-Йерасек" тесті бойынша диагностикалау жұмысы жүргізілді. Жұмыстың мақсаты: 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне көмек көрсету.
Мектеп президентін сайлау қорытындысы
23
September
2022
Мектеп президентін сайлау қорытындысы
Мектеп президентін сайлау қорытындысы бойынша 10 "Ә" сынып оқушысы С.Қалменов басым дауыс жинап, мектеп президенті болып сайланды. С.Калменовтың жұмысына сәттілік тiлеймiз!!!
"Жолда жүру ережелері" (бастауыш сынып) және “Діни экстремизмнің алдын алу" (жоғарғы сынып)
23
September
2022
"Жолда жүру ережелері" (бастауыш сынып) және “Діни экстремизмнің
2022 жылғы 20 қыркүйек күні мектебімізде "Жолда жүру ережелері" (бастауыш сынып) және “Діни экстремизмнің алдын алу" (жоғарғы сынып) тақырыптары бойынша бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар жолда жүру ережелері мен діни экстремизм туралы терең түсінік алып, оның себептері мен зардаптарын ұғынды.
Аймақтық «Мектеп лигасы» футбол жарысы
23
September
2022
Аймақтық «Мектеп лигасы» футбол жарысы
2022 жылғы 20 қыркүйек күні «Almaty region, Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» коммуналдык мемлекеттік мекемесінде ұлдар арасында Аймақтық «Мектеп лигасы» футбол жарысы етті. Жарысқа мектебіміздің намысын қорғауға 5-6 сынып оқушылары қатысып, жүлделі III орынды иеленді. Жетекшілік еткен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Б. Топашов және Р.Үсенов. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
Мектеп парламентінің президент сайлауы
22
September
2022
Мектеп парламентінің президент сайлауы
2022 жылғы 21 қыркүйек күні мектебімізде мектеп парламентінің президент сайлауы өткізілді. Сайлауға 8-11 сынып оқушылары тугел қамтылды. Мектеп президентіне үміткерлер: 1. С.Калменов - 10 "Ә" сынып оқушысы 2. Б.Сундетбай - 9 "А" сынып оқушысы 3. А.Базарбай - 9 "Ә" сынып оқушысы. Сайлау барысында педагог-ұйымдастырушы А.Камалова мектеп парламентінің мақсатымен, міндеттерімен таныстырып, келесі сөз кезегін үміткерлерге берді. Үміткерлер қатысушыларды өз бағдарламаларымен таныстырды. Сайлау жәшігі