Материалы за 01.02.2022 » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
Мектебімізде азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығуларды өткізудің 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігін қалыптастыру үшін және жер дүмпулері кезінде дұрыс іс-әрекетті қалыптастыру м
01
февраль
2022
Мектебімізде азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығуларды өткізудің
Мектебімізде азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығуларды өткізудің 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігін қалыптастыру үшін және жер дүмпулері кезінде дұрыс іс-әрекетті қалыптастыру мақсатында сейсмикалық жаттығу өткізілді. Сейсмикалық жаттығу барысында сынып оқушыларына мектеп ғимаратының әр қабатынан сыртқа алып шығу жоспары таныстырылып, жер сілкінісі жағдайындағы сақтық шаралары жайлы жадынамалар таратылды.  
Ы.Алтынсариннің 180 жыл толуына орай "Өнер -білім бар жұрттар"
01
февраль
2022
Ы.Алтынсариннің 180 жыл толуына орай "Өнер -білім бар жұрттар"
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп" Education Department of Kerbulak district кітапханасының жоспары бойынша Ы.Алтынсариннің 180 жыл толуына орай "Өнер -білім бар жұрттар" тақырыбында 6-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс кіріспесінде кітапханашы Э.М.Оразова қатысушыларды Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды.
«Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны»
01
февраль
2022
«Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны»
7-8 сыныптар арасында «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталас өткізілді. Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру. Пікірталасқа қатысқан оқушылар: 8 сыныптар - К.Агадиева,А.Абу, Ф.Рзакулова, А.Сағындықова , М.Өтеғали; 7 сыныптар- Ұ.Полат, Р.Байсеитов, А.Асан, Қ.Орынбаева Оқушылар өз ой-пікірлерін нақты шынайы жеткізді.