09
февраль
2022
“Мен сенің өміріңнің жалғасымын…”
Биылғы “Балалар жылы “ аясында және “Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік барысында “Мен сенің өміріңнің жалғасымын…”тақырыбында ата-ана, оқушы, мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, отбасы тәрбиесі мен оқушылар шығармашылығын насихаттау мақсатында тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Шара барысында тақырыпқа сай сахналық қойылым, ән,көркемсөз,күй,ұлттық билер ата-аналар назарына ұсынылып,”Отанды сүю отбасынан басталады” тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Шараға қатысушылар балалардың мектепте тек білім алып қана қоймай, жан-жақты тәрбие алып жатқандығына куә болып, ұстаздар қауымына алғыстарын айтты.Алдағы уақытта да балалар шығармашылығына арналған шаралар өткізіле бермек.
Балалар- мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі!
Балалар- мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі!