15
апрель
2022
" Жусан иісі" шығармасы бойынша "Оқуға құштар оқушы " сайысы
Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында С.Мұратбековтың " Жусан иісі" шығармасы бойынша "Оқуға құштар оқушы " сайысы өткізілді. Сайысқа 7 "А", "Ә","Б" сынып оқушылары қатысып, 2 бөлім бойынша сынға түсті. Сайыскерлердің қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беруі мен берілген үзінділерді мүдірмей жалғастырып алып кетуінен олардың шығарманы толығымен және түсініп оқығанының куәсі болдық. Сайыс нәтижесінде 7 "А" сынып оқушысы Н.Шихмыратова "Лучший оқырман" атанды. Қатысушы топтар мақтау қағазымен марапатталды.