25
July
2019
Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел
Алматы облысы, Қарасай ауданы Көлащы ауылы "Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың шілде айының 17-де мектеп жанындағы жазғы «Балдырған» лагерінде "Жемқорлыққа қарсы жазғы мектептер" жобасы аясында "Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел" атты тәрбие сағаты өткізілді.Жобаның мақсаты оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру. Жоба аясында оқушыларға қысқа метражды фильмдер көрсетіліп, ситуациялық сұрақтар қойылып және де сурет салу оны қорғау іс-шаралары іске асырылды. Қорытындылай келе, Елбасымызыдың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы деп айта отырып, жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп тәрбие сағатымызды аяқтадық.