“Білім жүйесін жетілдіру және жаңа оқу жылында мектеп жұмысын
Жаңа оқу жылының басталуына орай мектебімізде “Білім жүйесін жетілдіру және жаңа оқу жылында мектеп жұмысын жан-жақты дамыту” тақырыбында педогогикалық кеңес өткізілді. Мектеп басшысы ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтап, жоспармен таныстырды. Өткен оқу жылына талдау жасалып, жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Мектеп психологтары Б.Жаркеева мен Ф.Бейсебаева ұжымға “Сағат бойынша достар” тренингін жүргізіп, жағымды ынтымақтастық ахуал қалыптастырды.