Қартқожа Ж.Аймауытов » Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
29
May
2017

Қартқожа Ж.Аймауытов

Әдебиет
Сабақтың атауыҚартқожа Ж.Аймауытов
СілтемеӘдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығыОқулық, жұмыс дәптері, Компьютер, слайдтар, карточкалар, кестелер.
Жалпы мақсаттарЖүсіпбек Аймауытұлының «Қартқожа» романы
Мақсаты«Қартқожа» романының мазмұнына талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын ашу. Романдағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі кейіп -кердің өзінің дәуіріне сай тип ретінде қалыптасу жолын көрсету, романның көркемдік ерекшелігіне талдау.
Оқыту нәтижесі-көркем шығарманы талдай білуге төселеді, сын тұрғысынан ойлап,өз пікірін қорғауға дағдыланады.
– топпен жұмыс жасауға үйренеді.
– сабақта белсенділігі артады.
– шығармашылық қабілеті танылады.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлуСыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасыСәлеметсің бе,Көк Аспан
Сәлеметсің бе,Нұрлы Күн
Сәлеметсің бе,Жер Ана
Сәлеметсіз бе,қонақтар
Сәлеметсіз бе,мұғалім
Сәлеметсіз бе,жан досым
Міне,менің қолым бос
Жылуыңа жылу қос

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау

БілемінБілгім келедіҮйрендім


v Кестенің «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» бөлігін толтыру.

Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқуСабақ тақырыбы тақтаға жазылып, автормен қысқаша таныстыру. Жүсіпбек Аймауытовтың өскен ортасы,ата – анасы, алғашқы білім алған орындары.
Жүсіпбек Аймауытовтың поэзиялық туындылары.
Прозалық жанрдағы шығармалары.
Қазақ драматургиясының дамытудағы сүбелі үлесі.
Ғылыми еңбектері, аудармалары.
«Қартқожа» романы туралы қысқаша түсінік беру.
1.Оқиға қай кезеңді суреттейді?
2.Романдағы бала Қартқожаның портретін тауып оқы.
3.Қартқожаның жәбір көріп, әділетіздіктен жапа шеккен кездері болды ма? («Ұядағы зорлық » бөліміне талдау жаса.)
4.Қартқожаның білім алу жолындағы әрекеттерін әңгімеле.
5.Әкесі Жұман шаңырағының құт-берекесі болған, көк биесі өлген соң –ақ бірінен соң бірі қырсық шала береді. «Әкесі төмен қарап: «Қол-аяғымызды кестің бе?» деп еңкілдеп қоя беріп еді… «таңдайды бір жола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып жылап жіберді. Кімге айтылған? Аллаға ма? Өліп бара жатқан жануарға ма, болысқа ма? Өсіп келе жатқан Қартқожа көз жасын көрсеткісі келмейді, үйді айнала барып жылайды…
(Қартқожаға мінездеме беру)
6.Қартқожаның ой-өрісінің толысуына Андрейдің қандай әсері болды?
7.«Туған жер» тарауы. (Монолог)
8.Уақыт пен заман Қартқожаның өмірі мен тағдырына қандай өзгеріс жасады?
Сергіту сәтіИiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1-топ: Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью
Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)
Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен? Қартқожа бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.
2-топ: Шығарманы талдау.
І бөлім. Шығарма тақырыбы:
ІІ бөлім. Шығарманың идеясы:
ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер:
ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:
Vбөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт:
VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр:
VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:
VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:
3-топ: Шығарма құрылысы:
1.Басталуы 2.Contactsуы 3.Дамуы 4.Шиеленісуі 5.Шарықтау шегі 6.Шешімі.
«Менің мақсатым…» (ойтолғау)
«…Әсіресе, өз елі, өз ауылы қандай болды екен? Соларды көрсем, көмегімді берсем, сонда менің жетілгендігім, жетілгендігімнің пайдасын көргенім.Әйтпесе мен не үшін, кім үшін оқып жүрмін? Өз басымның қамымен кетсем, менің оқығанымнан елге не пайда? » (Қартқожа пікірін негізге алу)
Үй тапсырмасы«Қартқожа» романын оқу. Қартқожаға мінездеме жазу. «Түсініктеме күнделігін» толтыру.Күнделіктеріне жазады
БағалауБағалау парақшаларын таратуПарақшаларды толтырады
Feedback




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Brianna
29 января 2021 18:10
Нашел интересный сайт рекомендую ознакомиться https://www.kontaktor.su/