06
April
2018
1 наурыз - Алғыс айту күні
1 наурыз –Алғыс айту күніне орай жүргізілген жұмыстар туралы
ақпарат.
Мектебімізде 1наурыз-Алғыс айту күніне орай іс-шара жоспары жасалып,жұмыстар жүргізілді. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні екенін сезіне отырып, мектеп ұжымы ауыл тұрғыны жалғызбасты ана Оңалбаева Ғалия Джумахановнаға азық-түлік және шаруашылық жағынан қайырымдылық көмек жасады.Барлық сыныптарда Алғыс айту күніне орай тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Алғыс айту күніне орай жүргізілген шаралардың қорытындысы есебінде мектеп мәжіліс залында «Рахмет саған,Отаным!» тақырыбында салтанатты мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертке Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің орынбасары Ж.Б.Такимов,жетекші маман Г.Сатыбалдиева, ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Топашев,округке қарасты ауыл тұрғындары,ауылдағы әр ұлттың өкілдері, ата-аналар,мұғалімдер және оқушылар қатысты.
Салтанатты жиында Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің орынбасары Ж.Б.Такимов,ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Топашев,түрік ұлтының өкілі,ардагер ұстаз Г.Насипова құттықтау сөз сөйлеп,алғыс сезімдерін білдірді.Салтанат барысында шырқалған әндер мен ұлттық билер,оқылған өлеңдер мен бейнебаяндар да 1наурыз-Алғыс айту күнінің терең мағынасы мен мән-маңызын аша түсіп, барлық халықты бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түсті.Бұл мереке- мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір- біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алатындай әсерлі өтті.Салтанат соңында арнайы шақырылған қонақтарға гүл шоқтары тарту етілді.