16
March
2022
«ББЖМ бойынша түсіндіру және дайындық талаптары»
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу орта білім беру ұйымдарында МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ ҚР Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 55-бабы 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында өткізіледі.ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізілсе,9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.Тестілеу жыл сайын сәуір айында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
Осы аталған жұмыс бойынша Ж.Бәрібаев атындағы орта мектепте «ББЖМ бойынша түсіндіру және дайындық талаптары» тақырыбында мектепішілік семинар-кеңесті директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Б.Тасибекова өткізіп,түсіндіру жұмыстарын жүргізді және дайындық жұмыстарының талаптарын талдап нақтылады. 4,9 сынып пән мұғалімдері семинардан көп өзгерістерді біліп одан әрі өз пікірлерін ортаға салып, бөлісті.